«Атырау» магистралдық газ құбырлары басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас инженері Ілияс Ысмағұлов хабарлағандай, жаңа цех Америкада шығарылған 7 газ құятын агрегаттан тұрады. Әр компрессордың өнімділігі - тәулігіне 28,2 млн. текше метр газды құрайды. Жылдық өнімділігі - 56,7 миллиард текше метр газ. Құйылу кезіндегі газ қысымы - 1 шаршы сантиметрге 52 келіге жетсе, шығу кезінде - 1 шаршы сантиметрге 75 келі болады.
«Мақат» компрессорлық стансасы - Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіндегі басты бекеттердің бірі. Мұнда қазақтың, түрікменнің және өзбектің көгілдір отыны Қазақстанның көп облыстарына және Ресей аумағынан Еуропа елдеріне транзитпен баратын «Орта Азия - Орталық» және «Мақат - Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырлары арасында газ тасылуын реттеу жұмыстары жүзеге асырылады.