Естеріңізге сала кетейік, жол апаты өткен сенбіде «Атырау-Орал» тас жолының 172-шақырымында болды, онда «Volkswagen» және «ВАЗ» көліктері соқтығысты. 5 адам оқиға орында көз жұмса, тағы 4-еуі түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын.
1 қазан күні Індер аудандық ауруханасында апатта зардап шеккен Орал қаласының екі тұрғыны жан тәсілім етті.