Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа бастық тағайындалды

АТЫРАУ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда облыс әкімінің өкімімен облыстық әкімдіктің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып Бауыржан Орынғалиев тағайындалды.

Б.Орынғалиев 31 жаста. Ол Қазақ экономика университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген. ЖШС-тердің бірін басқарған, «Тұран Әлем банкі» АҚ есеп және әкімшілендіру жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызметте Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқарма бастығының орынбасары лауазымын, одан кейін Атырау облысы бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.