«14 қараша сағат түнгі 23.30 шамасында ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шарасын өткізу барысында қаладағы Мұнайшы шағынауданынан Daewoo Gentra автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде оның жүк салғышынан жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.
Қазір көлік жүргізушісі - 1990 жылы туылған Исатай ауданының тұрғынына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.