Сотта анықталғандай, 31 мамыр 2015 жылы талапкерден жауапкер К.Нүсіпбаев 330 000 теңге алып, қолхат беру арқылы ол ақшаны 0,5% өсіммен кері қайтаруға міндеттенген. Алайда міндеттемесін орындамағандықтан, талапкер К.Нүсіпбаевтан өсім мен баж салығын қоса есептегендегі барлығы 533 280 теңге өндіріп беруді сұрады.
Сотта жауапкер К.Нүсіпбаев талап арызды мойындамай, қолхаттағы өзінің қолтаңбасы емес екенін айтқан.
Кейін сотпен қолтаңбалық сараптама тағайындалып, сараптама қорытындысы бойынша қолхаттағы қолтаңба талапкердікі екені дәлелденді.
Сотқа дейін жауапкер талапкерге тек қарыздың жартысы 200 000 теңгені қайтарған.
Жылыой аудандық сотының шешімімен жауапкер К.Нүсипбаевтан талап қоюшы К.Төреғалиевтың пайдасына 210 080 теңге көлемінде қарыз ақша өндірілді.