18:11, 10 Сәуір 2009
Атырау облысының жастары қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға қатысады
АТЫРАУ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында 478 жас жігіттер мен қыздар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ағаштар мен бұталар отырғызуға қатысуға әзір екендіктерін білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бағдарламаға қатысушылар айына 15 мың теңге еңбекақы алады. Облыстың қалалары мен ауылдарын көгалдандыру бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 11 миллион теңге қаржы түсті және тағы 7 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.