Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарланғандай, су полициясы қызметкерлері 42 жастағы әйелді үйінен шығып бара жатқан жерінен ұстаған. Ол уылдырықты белгісіз адамдардан отбасылық салтанатты шараға сатып алғандығын айтып отыр.
Бұл Атырауда келісі мың доллардан асатын қара уылдырықтың жедел мәліметтерде алғаш рет тіркелуі. Бұған дейінгі жылдары полиция қызметкерлері бір тоннадан астам қара уылдырық өндіретін браконьерлерді тұтқындайтын еді. Бекіре тұқымдас балық қала ортасынан өтетін Жайық өзенінен еркін ауланатын. Ал соңғы жылдары бекіре балығы өзеннің қала аумағында кездескен емес.