«Бұл шара Маңғыстау облысынан келген жедел ақпараттан кейін қолға алынды. Ол жақтан келген ақпаратта Ақтау колониясынан қашып кеткен қылмыскерлердің төртеуі осы облыстың тұрғындары екендігі, сондықтан олардың туған жерлеріне келуі мүмкін деген жорамал айтылыпты», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.
Барлық жеке құрам қашқындарды іздеу жөнінде тапсырма алды. Олардың суреттері облыстың электрондық БАҚ-тарында жарияланды. Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасында орналасқан мұнай кәсіпорындарында да сақтық шаралары қолға алынды.