Атырауда 10 интернационал-жауынгер баспаналы болды

АТЫРАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 10 интернационал-жауынгер жаңа пәтерлердің кілттерін алды.

Оларған пәтер кілттері кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыста табыс етілді. Сол соғыста ұлдарынан айырылған бірнеше отбасына да ақшалай көмек берілді.

Жиналыс соңында концерт ұйымдастырылып, онда Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерінің «Фронтовичка» хоры өнер көрсетті.