Атырауда 16 жасқа толған қалалықтар Конституция Күні қарсаңында жеке куәліктерін алды

АТЫРАУ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда, Конституция Күнінің 15 жылдығы алдында 16 жасқа толға 15 қыз бен ұл бала жеке куәліктерін алды.

Азаматтық жасқа толғандарын айқындайтын осы маңызды құжатты тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Жасөспірімдерді қала әкімінің орынбасары Киікбай Жаулин құттықтады.