«Қайғылы оқиға жұмадан сенбіге қараған түнде болған. «Chevrolet Cruze» көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай екі жасөспірімді қағып кетті. Оның бірі жақында ғана 14 жасқа толған, оқиға орнында қаза тапты. Одан бір жас үлкен екінші бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жол апатына кінәлі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды», деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.