Атырауда 2011 жылы спортты дамытуға 2,87 миллиард теңге жұмсалады

АТЫРАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облсында 2011 жылы спорттық нысандардың құрылысына және бұқаралық спортты дамытуға облыс бюджетінен 2 миллиард 872 миллион теңге қарастырылып отыр.

Ағымдағы жылдың бюджеті талқыланған облыстық мәслихаттың сессиясында бұл туралы облыс әкімі Бергей Рысқалиев мәлім етті.

Бөлініп отырған қаржы дарынды балаларға арналған 200 орындық мектеп-интернаттың құрылысына, облыс орталығындағы теннис кортының, Атырау қаласының Геолог-2, Нұрсая Балықшы ықшамаудандарындағы спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылыстарын аяқтауға жұмсалады.

Сондай-ақ Құрманғазы және Индер аудандары мен Қызылқоға ауданының Сағыз ауылындағы спорт кешендерінің құрылыстарын қаржыландыру жалғаспақ.