Оларға қоныстанатын үйлер мен пәтерлердің нөмірлері көрсетілген ордерлер берілді.
Ордер алғандардың ішінде тұрғын-үй алудың кезегінде он жылдай және одан да көп уақыт бойы кезекте тұрған көптеген мұғалімдер бар. Пәтерлердің бір бөлігіне ұстаздық қызметке енді кіріскен жоғары оқу орындарының түлектері ие болды.
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің айтуынша, жас мамандарға пәтерлер орта және бастауыш мектептердегі кадрлар тапшылығы проблемаларын шешу үшін берілген. Соңғы жылдары жастар мектептерде жұмыс істеуге құлықсыз барады, бүгінгі күні 300-ден астам педагог қажет.
Облыс әкімінің хабарлауынша, ауылдық жерлердегі мектептердің мұғалімдері үшін де тұрғын-үй құрылыстарын салу жандана түскен. Ниет танытқандардың барлығына жеке құрылыстар салу үшін жер телімдері бөлінуде.