5 күн бойы жаттығулар өткен «Тұлпар» сауықтыру лагерінде олар әскери өмірмен танысты. Болашақ Отан қорғаушылар бұл жерде жауынгерлік өнер шеберлігімен танысты - ұрысқа кірісудің теориялық және тәжірибелік жақтарын және тәсілдерін игерді.
Облыстық білім беру басқармасының алғашқы әскери дайындық, спорт және әскери-тәрбие жұмыстары жөніндегі бас маманы Ерболат Дәулетқазиевтің айтуынша, оқу-жаттығу жұмыстары аяқталған соң бірқатар жастар болашақта Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына түсуге деген ниеттерін білдірді.