7 үй бұзуға жатқызылды, олардың тұрғындары жаңа үйді алу үшін кезекте 20 жылдан астам тұрған болатын. Қала әкімі Мереке Есмұратов жаңа үйдің кілтін табыстай отырып, ескі баспаналардың құлатылуы одан әрі жалғаса беретіндігін мәлімдеді.
«Ескі үйлерде тұрып жатқан барлық тұрғындар 2-3 жылдың ішінде жаңа үйге қоныстанады», - деді М. Есмұратов.