19:09, 24 Сәуір 2009
Атырауда арнайы қызмет әділет капитанын пара алып жатқан үстінде ұстады
АТЫРАУ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери полициясы бас басқармасының тергеу және іздестіру бөлімінің бастығын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бөлім бастығы - әділет капитаны пара алып жатқанда ұсталды. Жеке жұмысын орындауға мерзімдік қызметтегі сарбазды тартқаны үшін, офицерден 25 мың теңге талап еткен. Ол қамауға алынды. Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті ұсталған адамға қарсы қылмыстық іс қозғады.