Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ. Бірақ та зардап шегушілердің бір бөлігі бастары ауырып, лоқсуда, дегенмен бұл белгілер сиреп келеді.
Бүгін бас қосатын медициналық консилиум: ауруханада жатқандарды бақылауды жалғастыру немесе оларды үйлеріне қайтару мәселесін шешуі керек.
Агротехникалық колледжде белгісіз газдан уланған 35 оқушы мен 3 оқытушысы желтоқсанның 1-3-і аралығында ауруханаға түскенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Тергеу органдары мен жергілікті атқарушы билік колледжде орын алған оқиғаға әзірге ресми түсіндірме берген жоқ.