Соңғы күндері қала ауруханаларынан 11 адам жазылып шықты. Әлі тағы 27 зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түркіменбай Нұржігітовтың айтуынша, ауруханада жатқандардың барлығының жағдайы тұрақты. Бірақ, олар әлі де болса әлсіз, бастары айналып, лоқсуда. Сондықтан да, олардың жағдайларының ушығуына жол бермеу және тағы бір рет тексеру үшін үйлеріне шығарылмай отыр.
Колледжде сабақтар тоқтатылды. Тергеу тобы белгісіз газдан адамдардың улану фактісі болған оқиға орнын тексеруде.