Жәрмеңкеге ҚР Қарулы Күштерінде келісімшарт негізінде борышын өтеуге ниет білдірген 30 жас бозбала қатысты. Ұсынған құжаттары тексерілгеннен кейін олардың төртеуі қолма қол келісімшартқа отырды.
Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілі Аслан Мұхамбеталиев хабарлағандай, қалған құжаттар жіті тексеріліп, әскерге баруға ниет еткендерге жауап беріледі.
А.Мұхамбеталиевтің айтуынша, қазақстандық әскерде барлаушылар, теңіз жаяу әскеріне сұраныс бар, әр түрлі аймақтарда өзге де мамандықтар бойынша келісімшартпен қызмет еткісі келетіндерге сұраныс бар.