«Апелляциялық сот алқасы бастапқы сот үкімін заңды деп тауып, оны өзгеріссіз қалдырды», делінген баспасөз хабарламасында. Еске сала кетейік, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов 15 жылға, бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров 12 жылға сотталды. Экс-әкім Бергей Рысқалиевтің тобындағы өзге бірқатар шенеунік пен бизнесмендер 2,5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
16:50, 17 Наурыз 2015
Атырауда бұрынғы облыс әкімі Б.Рысқалиевтің тобына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды (ФОТО)
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Атырау облыстық әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарап, оны өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.