Атырауда фармацевтикалық зауыт салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «LUMPAN CASPIAN PHARMACEUTICALS LLP» зауытын салуға кірісті, онда фармацевтикалық өнімдер шығарылатын болады. Жобаның құны - 3 млрд. 700 млн. теңге.

«Құрылысты 2017 жылы аяқтау көзделіп отыр. Фармацевтикалық зауыт жоспарланған қуатына шыққаннан кейін Атырауда 800 млн. таблетка, 3 млн. сықпа әртүрлі майлар, 20 млн.-ға жуық құты тамырға жіберілетін ерітінділер шығарылатын болады», - деп хабарлады зауыт директоры Зәбира Дәулетжанова.