Атырауда қала әкімі тұрғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АТЫРАУ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Құрбан айтқа арналған мерекелік шаралар «Иманғали» орталық мешітінде бастау алды.

Намазға жиналған адамдар мен қала тұрғындарын Атырау қаласының әкімі Мереке Ісмұратов құттықтап, оларға шынайы тілектерін білдірді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін мұқтаж жандарға қайырымдылық астары ұйымдастырылады.