Анықталғандай, жағаға апаратын жолдың жабық екенін түсінген олар мотоциклдермен мұздың үстімен аралдардың біріне кетіп, сол жерден бүгін табылды. Балықшылар құрлыққа жеткізілді. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
17:45, 15 Қаңтар 2013
Атырауда Каспий теңізінде жоғалған балықшылар құтқарылды
АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырау облысы Исатай ауданының Забурунье ауылының 14 қаңтар күні Каспий теңізінің жағалауы бөлігінен оралмаған барлық тұрғындары құтқарылды.