«Дүйсенбіден бастап дәрігерлер көмегіне жүгініп, жарақат алғандар саны екі есе артып, орташа алғанда 40-тан 80 адамға жетті. Негізінен адамдардың буыны шығып, аяқ-қолдары зақымданған, сіңірлері созылған. Бұл күндері 255 адамның 40-ы аяқ-қолы сынып жүгінді. 22 адам қазіргі уақытта стационарлық ем қабылдауда», - деп хабарлады облыстық аурухананың травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Асқат Бисенғалиев.
Қазір қалада күшейтілген режімде көше тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мұз қатқан жаяу жүргіншілерге арналған жолдар әлі де қатты тайғанақ.