Ұзындығы 106 метр болатын құлаған көпір аралығы құрастырмасының барлығы сегіз адам қалған. Олардың алтауының мәйіті табылды. Мүрделер туған жерлеріне - Алматы және Қызылорда облыстарына жөнелтілді.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің хабарлауынша, көпір аралығының су үстіндегі бөлігін бөлшектеу аяқталған. Оның судағы бөлігі зерттелді. Қазіргі уақытта жалпы салмағы 900 тонна болатын аралық құрастырманың су астындағы бөлігін бөлшектеу үшін даярлық жұмыстары жүргізілуде.