Атырауда Қызыл кітапқа енген 44 келі балықты тасымалдаған әйел ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Қазақстанда аулауға тыйым салынған бекіре балықтарының 44 келісін тасымалдаған әйелді ұстады.

«Әйел балықты жеңіл машинамен тасыған. Жойылу қаупінде тұрған немесе сирек жан-жануарларды заңсыз аулауға жазаны көздейтін бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында бекіре тұқымдас балықты кім және қайдан аулағаны анықталмақ», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.