Сонымен қатар, оларға шағын тоңазытқыштар, хирургиялық құралдар жиынтығы және дезинфекция жүргізуге арналған жабдықтар тапсырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Ғұмар Дуйсембаевтың сөзіне қарағанда, биыл агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат тек қартоп және көкөніс егетін алқаптарды ұлғайтып, сондай-ақ, үй жануарларының басын көбейтуге мүмкіндік берді. Қазір мал дәрігерлерінің мал егуді уақытылы өткізуге, жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуына жылдам әрекет етуге мүмкіндігі бар.