Сот алдында айыпты деп танылған 22 адам жауап беруі тиіс. Олардың қатарында өңірдің бұрынғы шенеуніктері, атап айтқанда, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов, облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров, Атырау қаласының әкімі Асқар Керіс, облыс әкімдігінің департамент басшылары және кәсіпкерлер бар.
Оларға бюджет қаражатын талан-таражға салды және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда.