Бұдан бұрын Атырау облысында пішен өртеніп, оқиға орнында үш баланың денесі табылғанын, кейін сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған болатынбыз.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жантүршігерлік оқиғаға қатысты балалардың ата-анасына көңіл айтып, материалдық көмек берілетінін мәлім етті.
«Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет. Қаза болған балалардың отбасыларына Атырау облысының әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», - деді облыс әкімі.