Жария болған оқиғаны облыстың ІІД растап отыр. Тұрғындар оларды жезөкшелікке жәрдемдесті деп айыптауда. Қазіргі уақытта полицейлердің үстінен қызметтік тергеу жүріп жатыр. Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізетін арнайы тәртіптік комиссия да құрылған.
«Егер тексеріс барысында оқиға расталатын болса, олар қызметтерінен босатылады. Жезөкшелікке жәрдем көрсетті деген айыпқа келетін болсақ, ол тергеудің өзге бағыты. Егер кінәлары дәлелденіп жатса, істері сотқа жолданады», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Оның сөзіне қарағанда, полицейлер жезөкшелердің пәтерінде қызметтік міндеттемелерден бос уақытта болған.