«Ұсталған азаматша кәсіпкерлердің бірінен банк есепшотын тұтқындаудан шығару және құжаттар алу мәселесін шешіп беру үшін 70 мың теңге алды деп айыпталуда. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөліміндегі «г» тармақшасы (қызметтік бабын пайдалану арқылы алаяқтық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс тергелуде», - деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.
15:29, 13 Қараша 2012
Атырауда салық басқармасы бөлімінің бастығына қарсы қылмыстық іс қозғалды
АТЫРАУ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Атырау қалалық салық басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бастығын ұстады.