Атырауда синтетикалық есірткі сатпақ болған теріс діни ағымның өкілі ұсталды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда синтетикалық есірткі сатпақ болған теріс діни ағымның өкілі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірге өткізген жедел-іздестіру операциясы кезінде синтетикалық есірткі өткізбек болған азаматты ұстады.

«Күдіктінің жасы 32-де. Тексеру кезінде оның теріс діни ағымның өкілі екені анықталды. Одан синтетикалық есірткі заттары, тыйым салынған діни әдебиеттер, қолдан жасалған жарылғыш заттарды дайындауға қажетті компоненттер тәркіленді», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы және 256, 174-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Теріс діни ағымның өкілі қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар