Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, майдангерді Аққыстау ауылының тұрғыны жүргізген «ВАЗ-2173» көлігі қағып кетті. Ардагер облыстық ауруханаға жеткізіліп, ондағы жансақтау бөліміне орналастырылды. Бірақ дәрігерлер майдангерді ажалдан арашалап қала алмады.
Қауысбай Шұртабаев майданға 17 жасында өз еркімен кеткен. Бірінші Украина майданының құрамында Берлинге дейін жеткен. Соғыстан кейін әскерде қалды. Запасқа подполковник атағында кеткен. Көптеген ордендермен, медальдармен марапатталған. 2003 жылдан бері соғыс және еңбек арадгерлерінің кеңесін басқарған.