Оның ақпараты бойынша, ардагерлер, майдангерлердің жесірлері мен тыл еңбеккерлеріне берілетін көмек үшін жергілікті бюджеттен 42,4 млн. теңге бөлінген. Астана мен Мәскеуде өтетін Жеңіс күніне арналған салтанатты мерекелік шараға қатысатын ардагерлердің барып-келуіне тағы да 1 млн. 700 мың теңге бөлінген.
Жергілікті бюджеттен бөлінген көмек ардагерлердің республикалық бюджеттен алатын көмектерінен бөлек, қосымша беріліп отыр.