16:07, 14 Маусым 2009
Атырауда Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық үлесті кеңейту мәселелері талқыланды
АТЫРАУ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Royal Dutch Shell Plc концернінің атқарушы директоры Питер Восер бастаған шетелдік инвесторлар делегациясы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шетелдік инвесторлар Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновпен кездесті. Әңгіме Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық үлесті кеңейту, соның ішінде Каспий теңізі қайраңы мен Қаратабандағы мұнайды әзірлеу қондырғысы құрылысы жұмыстарында қазақстандық қызметкерлердің санын көбейту жайында болды. Сондай-ақ Қашаған кенішінде жобаның экологияны қорғау бөлігі талқыланды.