Облыстық прокуратурада хабарлағандай, айыптау шешімі 5 адамға қатысты шығарылды. 4 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына «Трансқұрылыскөпір» АҚ бас инженері Мұхит Бекмағамбетов, кәсіпорынның атқарушы директоры Жәнібек Бекмағамбетов, жұмыстарды жүргізуші Олег Зайцев, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Ольга Самарина мен механик Сергей Супрун кесілді.
Олег Зайцев жазасын колония-қоныста өтейтін болды, ал өзгелерге қатысты жаза үкімнің 3 жылға шегерілуімен нақтыланды.