Қаржы полициясында хабарланғандай, «Облыстық «Атырау» баскетбол командасы» КМҚК директорына және басқа тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 176-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл адамдар алдын ала келісу бойынша мемлекеттік қызметтерді атқаратын тұрғаларға теңестіріліп, жалған құжаттарды құрастыру жолымен 2008 жылға арналған іссапар шығындарын шартты түрде иеленіп, бөтен адамның сеніп тапсырылған мүлкін ұрлаған. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 18,5 млн. теңгені құрады», - деп ақпараттандырды қаржы полициясында.