Көрмеде Олег Свидин үстіміздегі жылдың тамызында өзінің 55 жылдық мерейтойында көрермендер назарына ұсынамын деген шығармалары қойылған. Бұл күнге ол жете алмады - мамыр айында ол бақилық болды.
Көрме негізіне абстракционизм стилінде жасалған жұмыстар алынған. Бұларда автор суреттің нақтылығы, ашықтығы мен түрлі бояулармен тәжірибе жасаған.