«Сотта М. Әбдімәлікұлы Атырау қаласы вокзал маңындағы аудандағы Баймұқанов көшесінде темекі тұқылын қоғамдық орынға лақтырып, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Әбдімәлікұлы ҚР ӘҚтК 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған 19 820 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінде.
Атырауда қоғамдық орында темек тұқылын тастап не шемішке шаққандарға айыппұл бірінші рет салынып отырған жоқ. Әдетте, олардың айыбын дәлелдеуге видеокамералардың септігі тиеді.