Оқиға Әлия Молдағұлова көшесінде автобус пен джиптің қақтығысуы салдарынан болған. Автобус қабырғаны бұзып үйге басып кіргенде, онда 76 жасар үй иесі мен оның немересі және келіні болған. Оқыс оқиғадан есеңгіреген үй иесі ауруханаға жеткізілді. Джиптің 2 жолаушысы мен автобустың жүргізушісі де қазір ауруханада.
Облыстың ІІД-де хабарлағандай, аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.