Қолға түскен экстремистердің мойындауы бойынша ең бірінші шабуыл жасалады деп күтілетін күш құрылымының кеңселері аса бақылауда отыр.
Сәтбаев даңғылы бойындағы ҰҚК ғимаратына қарама-қарсы орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындары ҚазАқпараттың тілшісіне мәлімдегендей, құқық қорғау құрылымының өкілдері барлық үйлерді аралап шықты.
Тұрғындарға таратылған телефондар нөмірлері арқылы күдік тудырған жайттар туралы хабарлап, қырағылық таныту туралы өтініш жасалды.