18:01, 24 Сәуір 2009
Атырауда жаңа тұрғын үйдің өзіндік құны төмендеді
АТЫРАУ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 2009 жылдың алғашқы тоқсанында жаңа тұрғын үйдің шаршыметрінің өзіндік құны едәуір төмендеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасына сілтеме жасап.Биыл тұрғын үйлердің жалпы көлемі шаршыметрінің орташа құны 73,3 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 9 мың теңгеге арзан. Әсіресе 2008 жылдың басындағы 51,3 мың теңгенің орнына жеке құрылыстардағы үйдің шаршыметрінің өзіндік құны 30,6 мың теңгеге дейін едәуір төмендегені байқалып отыр. Оның негізгі себептері құрылыс материалдарының, соның ішінде цементтің бағасы төмендеуінен болып отыр.