«Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріндегі жұмыс істемей тұрған жүк көтеруге арналған лифт шахтасына түскен. Олардың бірі қаза болды, екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді»,-деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл алдын ала ақпарат. Осы кезде төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.