Атыраудың ірі базарлары мен сауда орталықтарында қайырымдылық көмектерді қабылдау тіректері ашылды.
«Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Мейірім Қалауи хабарлағандай, атыраулықтар көмек көрсету туралы үндеуге белсенді атсалысуда. Қалбырланған азық-түліктер, киім, төсек жабдықтарын, ойыншықтар мен өзге де заттарды әкеліп жатыр.
Қабылдау тірегі сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының атыраулық филиалының ғимаратында да ашылды. Қаланың жастар ұйымдары атынан Атырау облысында жұмыс жасап жатқан ірі кәсіпорындарға хат жолданып, табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек қолын созу туралы өтініш жасалды.