Шара барысында қатысушыларға «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Нәтижесінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне - 2 адам, қайта даярлау курстарына - 57 адам жолданылып, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтардың келешекте қылмысқа қайтып оралмауы – қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті, бүгінде сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық санының өсу жағдайын жою мақсатында 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.