Облыстың аурухананың қабылдау бөлімінен хабарлағандай, «оған қажетті барлық көмек көрсетілді. Қазір ол есін жиды және жағдайы тұрақты. Бүгін дәрігерлік консилиумнан кейін оның әрі қарай емделуі туралы шешім қабылданады».
Б.Камалиев Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген болатын. Ол газ турбиналарын жөндеу кәсіпорнын, полиэтилен құбырларын шығаратын және химиялық реагенттер зауыттарын аралаған. «Атыраумұнаймаш» зауытына бара жатқан жолда вице-министр мінген «Тойота-Прадо» көлігі жолдан шығып кетіп, аударылған. Көлікте вице-министрмен бірге болған облыс әкімінің орынбасары, вице-министрдің көмекшісі және жүргізуші зардап шекпеген.
Апаттан кейін В.Камалиев алдымен дереу теміржол ауруханасына жеткізілген. Одан кейін барып облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне ауыстырылған.
Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, оқиғаға жүргізушінің рульге ие бола алмай қалуы себеп болған. Қазір тексеру шаралары жүргізілуде.