«Атырау облысының қаржы полициясы психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғаларға жүргізуші куәліктерін берудің жолын кесті. Бүгінде 2009-2012 жылдар аралығында жүргізуші куәліктері берілген жүйкелерінде ауытқулары бар 28 адам анықталды. Сонымен қатар, ІІД ЖПБ-дан жүргізуші куәліктерін алған наркологиялық диспансерде тұрақты есепте тұрған 57 азамат анықталды», - дейді Атырау облысы бойынша қаржы полициясының баспасөз хатшысы Алтынай Мұхтарова.
Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.