Мемлекет басшысы қатысқан инвестициялық жобалар таныстырылымында облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов қараша айында құрылыста кеңінен қолданылатын жеңіл 3D панельдерін шығаратын зауыт алғашқы өнім беретінін хабарлады. Зауыт құны - 1 миллиард 855 миллион теңге. Қуаты - жылына 900 мың шаршыметр панель шығара алады.
Желтоқсан айында металл прокаты өндірісі комбинаты пайдалануға берілмек. Кәсіпорын қуаты - жылына 3 мың тонна металл прокатын шығарады. Жыл соңына дейін Индер кентіндегі құрғақ құрылыс қоспалары өндіретін зауыт та жұмыс жасай бастайды.,
Бұл кәсіпорындарда 300-ден астам адам жұмысқа ие болады.