Атыраудағы қоймадан Қазақстанға заңсыз әкелінген 24 тонна улы зат табылды

АТЫРАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда уақытша сақтау қоймасында Қазақстанға арнайы құжаттарсыз заңсыз әкелінген 24 тонна метилдиэтиполамин улы заты табылды.

Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Асұлу Телеуішова хабарлағандай, улы заттары бар жүк біздің елімізге ұшақпен Ирландиядан жеткізіліп, содан кейін уақытша сақтау қоймасына орналастырылған. Оны алушы алматылық компаниялардың бірі.

«Метилдиэтиполаминді Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады. Заң бойынша осы санаттағы улы заттар Кеден одағының жер аумағына өкілетті органнан тиісті рұқсат алғаннан кейін ғана өткізілуі тиіс. Бірақ жүктің қандай да бір рұқсат беру құжаттары жоқ», - деп нақтылады А.Телеуішова.

Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды.