Қала әкімінің орынбасары Әділбек Нұрлығожиев хабарлағандай, бірнеше теректі саяжай бұрынғы Сутягин бағының орнында пайда болады. 90-шы жылдары бақ жоғалған болатын. Оның аумағының бір бөлігінде Жеңіс саябағын орнатқан, ал енді теректер отырғызылған соң, саябақ біршама кеңейетін болады.
«Теректер көшеті қалаға әкелініп қойған, қазір оларды отырғызу жүргізіліп жатыр. Жеңіс саябағында сонымен қатар, «Мәңгілік алау» мемориалы жаңартылып, жолдар жөнделуде. Саябақты жаңарту үшін 100 адам жұмылдырылған», деді А. Нұрлығожиев.